Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды 

Канада құрамасы Оңтүстік Африканы жеңіп, тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
1/16 финалдың алғашқы ойыны АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Матчтың тағдырын шешкен жалғыз голды жартылай қорғаушы Стефан Эуштакиу соқты.
Осылайша, канадалықтар өз тарихында алғаш рет 1/8 финалға шықты. Олар келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Ал өз тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне дейін жеткен Оңтүстік Африка құрамасы әлем біріншілігіндегі өнер көрсетуін аяқтады.
Айта кетейік, бүгін 29 маусымда сағат 22:00-де Бразилия - Жапония құрамалары кездеседі. Матчты "Qazsport" және "Qazaqstan" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Фото:Jared C. Tilton/FIFA via Getty Images