Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан туын қайда ілуге болады және не істеуге болмайды: қаулы

Қазақстан туын қайда ілуге болады және не істеуге болмайды: қаулы

Қазақстан туын қайда ілуге болады және не істеуге болмайды: қаулы Қазақстан Үкіметі мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін жаңартты. Құжатта Мемлекеттік Туды қайда және қалай орналастыруға болатыны егжей-тегжейлі жазылып, оны пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар тізімі көрсетілген.
Басты жаңалықтардың бірі азаматтардың Мемлекеттік Туды орналастыруына қатысты. Енді құжатта жеке және заңды тұлғалардың туды тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттарға, соның ішінде балкондарға іле алатыны тікелей қарастырылған. Бұл ретте балконға ту 45 градус бұрышпен орнатылуы тиіс.
Сонымен қатар ережелерде Мемлекеттік Туды пайдалануға рұқсат етілетін талаптар нақтыланған:
жеке тұрғын үйлерде оны кемінде үш метр биіктікке орнатуға болады, бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру міндетті емес;
ту жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тимеуі тиіс;
тік орналастырылған жағдайда ұлттық ою-өрнек жоғары жағында болуы керек;
ту бүтін, таза, түсі оңбаған және зақымдалмаған болуы тиіс;
заңнама талаптары сақталған жағдайда туды көлік құралдарының салондарына орналастыруға жол беріледі.
Егер ғимараттың ерекшеліктері туды қасбетке бекітуге мүмкіндік бермесе, оны ғимараттың жанындағы бөлек ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға болады.
Құжатта Мемлекеттік Туды мәдени, спорттық, қоғамдық және басқа да іс-шаралар кезінде коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайтыны бөлек жазылған.
Сондай-ақ туды киім, төсек-орын, перде, дастарқан, кілемше және басқа да жабындар ретінде пайдалануға тыйым салынады. Мемлекеттік рәмізді әдейі зақымдауға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға және оның қадір-қасиетін қорлайтын кез келген басқа да әрекеттерге жол берілмейді.
Тағы бір өзгеріс спортшыларға қатысты: Мемлекеттік Тудың бейнесін спорттық киімдер мен жабдықтарда пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді.
Бұдан бөлек, қаулымен мемлекеттік рәміздерді ресми сайттарда, стендтер мен плакаттарда орналастыру тәртібі нақтыланды. Олар бірыңғай жүйелілікпен орналасуы тиіс: алдымен Мемлекеттік Ту, содан кейін Мемлекеттік Елтаңба, одан кейін Мемлекеттік Гимн мәтіні. Стендтерді рәсімдеуге де бірыңғай талаптар бекітілді: көк түсті фон және алтын түстес жазулар.
Премьер-министр қол қойған қаулы 13 шілдеде күшіне енеді.
Еске сала кетейік, 4 маусымда с мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы ұлттық рәміздердің беделін нығайту – мемлекеттік маңызы бар іс екенін атап өтті. Сол кезде Тоқаев таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді пайдалануды реттейтін қаулыға түзетулер енгізетінін айтқан еді.

Фото: Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова