Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

“Тәулігіне бір реттен көп емес“. Қазақстанда көліктердің кіруіне шектеу қойылды

“Тәулігіне бір реттен көп емес“. Қазақстанда көліктердің кіруіне шектеу қойылды

“Тәулігіне бір реттен көп емес“. Қазақстанда көліктердің кіруіне шектеу қойылды

Қазақстанда жанар-жағармай өнімдерін шекара арқылы заңсыз шығарудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев осы шаралар туралы толығырақ айтып берді.
Вице-министрдің айтуынша, қолданыстағы шаралардың бірі - шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қою.
"Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттердің жүк және жеңіл көліктері Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайтын тәртіп орнатылған", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Ол отынды "сұр" жолмен шығаруға қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.
"Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған автокөліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр", - деді вице-министр.
Шенеуніктің сөзінше, шекаралас аймақтарда отынды заңсыз шығармақ болған құқық бұзушылар жиі анықталып тұрады.
"Бүгінде Қазақстаннан ЖЖМ-ның "сұр" экспортын болдырмауға бағытталған шаралар кешені жұмыс істеп тұр", - деп түйіндеді Тұтқышбаев.
Бензинге қатысты жағдай
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай өнімдерін заңсыз шығаруға бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Үкімет мәліметінше, өткізу пункттерінде екі тәулік ішінде ғана қосымша бактар мен канистрлерде үш тоннадан аса отынды алып өтудің 61 әрекеті тоқтатылған, ал жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың 593 дерегі анықталған.
Мамыр айында ІІМ бензинді Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдау үшін заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бар көліктердің анықталғанын хабарлаған еді. Ол кезде заңбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары олқылықтар жойылғанша арнайы тұрақтарға қойылды.

Фото: тengrinews.kz