Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді 

Қазақстанның Конституциялық Соты жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін өкілеттік мерзімдері бойынша шектеулердің қалай қолданылатынын түсіндірді.
Бұған Президенттің өтініші себеп болды. Ол 1995 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік лауазымдарды атқарған адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін соған ұқсас лауазымдарға қайта сайлануы немесе тағайындалуы мүмкін бе деген сұрақты ресми түрде түсіндіруді сұраған еді.
Конституциялық Сот 2026 жылғы 1 шілдеге дейін атқарылған мерзімдер есепке алынбайды деген қорытындыға келді.
Аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептеледі, – делінген Конституциялық Соттың ресми түсіндірмесінде.
Сот жаңа Конституцияда көзделген шектеулер тек ол күшіне енгеннен кейін болатын тағайындаулар мен сайлауларға ғана қолданылатынын түсіндірді.
Бұл ретте Конституциялық Сот қолданыстағы Конституцияда 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ сайлау немесе тағайындау фактілерін есепке алу көзделмегенін ерекше атап өтті.
Адамның аталған лауазымдардың бірін 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде атқару фактісі Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды, – делінген сот шешімінде.

Фото: Ақорда