Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тағы да аптап: Қазақстанда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Тағы да аптап: Қазақстанда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Тағы да аптап: Қазақстанда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

"Қазгидромет" синоптиктері 28, 29 және 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңбыр қай жерде жауады?
"Қазгидромет" болжамы бойынша, 28-30 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды. Нәтижесінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа райының ең күрделі жағдайы Шығыс Қазақстан облысында күтіледі, мұнда нөсер жаңбыр жауады деп болжанады.
Оңтүстікте аптап сақталады
Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтілмейді. Мұнда Иран аумағынан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының әсері сақталады. Дәл осы фактор ыстықтың жаңа толқынына себеп болады.
+44 градусқа дейін
Жекелеген аймақтарда жауын-шашын болғанына қарамастан, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріле береді.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз ауа температурасы мынадай болады:
солтүстікте +30…+38 градусқа дейін;
оңтүстікте +33…+44 градусқа дейін.
Тек батыс өңірлерде ғана температура айтарлықтай көтерілмейді деп болжанып отыр.

Фото: depositphotos.com