Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астана әкімдігінде Есет Байкеннің орнына кім келгені белгілі болды

Астана әкімдігінде Есет Байкеннің орнына кім келгені белгілі болды

Астана әкімдігінде Есет Байкеннің орнына кім келгені белгілі болды

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін Астана әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Талғат Рахманберді елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметте бұған дейін Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған Есет Байкенді алмастырды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Талғат Рахманберді Астанадағы Байқоңыр ауданын басқарған.
Талғат Рахманбердінің өмірбаяны
Талғат Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бастаған. Әр жылдары "Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы" қоғамдық бірлестігін басқарды, Бас прокуратура институтында аға прокурор болып жұмыс істеді, сондай-ақ елорданың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына жетекшілік етті.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Рахманберді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кейін Астана әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2023 жылдары ол Қоғамдық даму істері басқармасын, қалалық Ішкі саясат басқармасын басқарды, сондай-ақ елорда әкімінің кеңесшісі болды.

Фото: gov.kz